Тұрсынбектің қызына құда түскен жігіт қыр-соңынан қалар емес. Жас әнші Ғалымжан Нұрқалықов Тұрсынбектің күйеу баласы атануға білек сыбана кіріскен сыңайлы, деп жазады Democrat.kz.
Әнші осыдан біраз бұрын әлеуметтік желіге Әдемі Тұрсынбекқызына ән арнап, «Қайын атам көрер ме екен» деп жазған болатын. Арада санаулы күн өткенде ол әнін жалғастыра шырқап, «Әдемі Тұрсынбекқызы көрді ме екен?» деп тағы сұрау салды.
Желідегі жұрт жігіттің қоймағанын айтса, ендібіреулер «менің ойымша әкесі отбасынан кеткен соң, қорғаны жоқ деген мақсатпен жасалып жатқан видео», – деп, әзілкештің отбасынан кетіп қалғанын еске салды. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)