"Жас жігіттерді зорлағыш еркек мектеп директоры болып отыр"деген азамат жан айқайын жариялады

"Жас жігіттерді зорлағыш еркек мектеп директоры болып отыр"деген азамат жан айқайын жариялады

Атыраулық азамат өзін зорлаған еркектің қазір үлкен бір мектепті басқарып отырғанын айтып, ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"2013 жылы 23 жасымда мектепке айтишник болып жұмысқа тұрдым.

Сол кезде завуч болған Далиев Дулат "жұмысқа тұрғаныңды және менің категориямды жуамыз" деп кафеге шақырды.

Алайда кафеден шыққан соң, масайған Дулат "менімен бірге үйге жүрші" деді.  Ойымда ештеңе жоқ, оны сүйемелдеп үйіне апардым.

Үйде тағы екі еркек бар еді. Сол жерде тағы браз отырғанымды білем, таңертең есімді жисам, тыр жалаңаш, зорланған күйде жатыр екенмін.

Мен олардың тұзағына түскенімді түсіндім. Басқа біреуге айтсаң, өзіңді масқаралаймыз деді. 

Ондаған жыл өткен соң бұл масқараны айтуға тура келіп тұр. Себебі әлгі Дулат деген адам дәл қазір Хиуаз Доспанова атындағы мектепті басқарып отырғаны өте қауіпті. Неге?

Себебі оны танитын Хасен деген жігіт "Дулат  жас жігіт тауып берші" дегенін айтты. Дулат сияқты білім саласын, балалар бар жерді басқаруға моральдық қақысы жоқ" деген жігіт үндеу жасады. 

 

Барлық жаңалықтар