Жас жұбайлар үйленген соң, үш минуттан кейін ажырасып кетті

Жас жұбайлар үйленген соң, үш минуттан кейін ажырасып кетті

Кувейт тарихтағы ең қысқа некелердің бірін тіркеді. Ерлі — зайыптылар тіркелгеннен кейін үш минуттан кейін ажырасқан деп жазады Democrat.kz.

Ресми неке қиылып, жұбайлар ант беріскен соң, шығу есігіне беттеген. Есіктен шыға бергенде, аяғы шалынып, сүрініп кеткен қалыңдыққа күйеу жігіт "ақымақ!" деген.

Болашақ күйеуінің мына сөзі сүйегінен өтіп кетсе керек, қалыңдық дәл сол жерден кері бұрылып, АХАЖға ажырасу туралы арызданады.

АХАЖ қызметкерлері оның талабын қанағаттандырады. Оқиға әлеуметтік желілерде тез тарады. Көптеген қолданушылар қалыңдықты қолдап, бұл некенің бірінші күніндегі "ред флаг" деп шулап жатыр.

Барлық жаңалықтар