"Жас қызбен қонақүйде болған": Қайрат Нұртас туралы тағы масқара дерек шықты

"Жас қызбен қонақүйде болған": Қайрат Нұртас туралы тағы масқара дерек шықты

Әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты тараған даулы ақпаратқа Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды Democrat.kz. 

Желіде 2006 жылы туған бойжеткеннің танымал әншінің үстінен арыз түсіргені туралы жазбалар тараған еді.

Кейбір ақпарат көздері елордадағы қонақүйлердің бірінде қыз бен әншінің арасында жанжал шығып, оқиға орнына полиция шақырылғанын хабарлады.

Астана қаласының полиция департаменті зорлау туралы тараған ақпараттың расталмағанын мәлімдеді. Алайда ведомствоның ресми түсініктемесінде оқиғаға қатысы бар ер адамның аты-жөні көрсетілмеген.

Полицияның мәліметінше, 10 шілде күні «102» арнасына 2006 жылы туған бойжеткен хабарласқан. Ол Астанадағы қонақүйлердің бірінде ер адамның өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағанын айтқан.

Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері заң талаптарына сәйкес тексеру жүргізген. Алдын ала анықталған дерекке қарағанда, қонақүйде болған екі адамның арасында жеке қарым-қатынасқа байланысты жанжал туындаған.

«Қазіргі уақытта бұл жағдай өз шешімін тапты», – деп хабарлады полиция.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, арызданушы кейін өз шағымын кері қайтарып, бұған дейін қойған талаптарынан бас тартқан.

Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты әзірге көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.

Барлық жаңалықтар