Танымал актер Бауыржан Ибрагимовтің әлдебір қонақ үйдегі әдепсіз әрекеті мен қонақ үй қызметкері қызға сөйлеген сөздері жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода актер Бауыржан Ибрагимов әлдебір қонақ үйдің ішінде ресепшен қызға дөрекі сөйлеп тұрғаны мен әдепсіз әрекеті бар. "Эй, ........эй, сен сүмелек, Шыңғыс маған бағана айтты... Саған бос нөмірлер жалко ма ш.....эй, б....сен пол часа мне мозги и...."деп әкіреңдеген Бауыржан Ибрагимов қарсы алдында тұрған жас қызды боқтықпен "көмді".
Бұл оқиға біраз жыл болғанына қарамастан, желіге жүктелген видеоға қатысты пікір айтушылар біздегі "жұлдыздардың" осындай әдепсіз қылықтарын талқылап, "қанша ескі видео болса да, біздегі ұятсыздардың әрекеттері ұмытылмауы керек", "бұл кісі өте әдепсіз. Неге мені танымайсың деп маған да әкіреңдеген бұрын", "кім болса да, қызға бұлай сөйлегені дұрыс емес", "масқара, мына кісінің кісілігінде шек жоқ қой" дескен жұрт беттерін шымшуда.