Жас қыздың денесін күйдіріп, аяусыз қорлаған екі әйел ұсталды

Жас қыздың денесін күйдіріп, аяусыз қорлаған екі әйел ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы қызға қатысты жантүршігерлік қылмыс ашылды. Екі әйел жасөспірімді алдап әкетіп, қорлап, азаптап, бейнежазбаға түсірген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жәбірленушінің анасыны:
«Қызымды қаншама қорлағанын естігенде есімнен танып қала жаздадым. Олар ұрып-соғып, денесін күйдіріп, бейнежазбаға түсіріп, үш миллион теңге сұраған»

Тергеу дерегінше, күдіктілер жасөспірімді қол-аяғын сүйгізуге мәжбүрлеп, суға батырған. Кейін осы сәттердің бәрін бопсалау құралына айналдырып, ақша талап еткен.

Облыстық полиция департаменті:
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», –

Белгілі болғандай, қылмысқа қызғаныш себеп болған. Әйелдердің бірі жасөспірімнің жігітіне жазғанын біліп, өш алмақ болған.

Осы қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Құзырлы органдар бұл істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Барлық жаңалықтар