Әнші Қайрат Нұртас адамдар аз жүретін көше қуыстарының бірінде өзін жақсы көретін тыңдармандарынан тығылып, кетіп бара жатқан жерінен оңбай ұсталып қалды деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеодан түсінгеніміз, Қайрат Нұртас ешкім көрмесін деген оймен сыртқы бас киімін киіп, жүзін барынша жасырып, адам аяғы аздау жермен кетіп бара жатқан.
Алайда оны тыңдармандарының бірі жазбай танып қалып, ұстап алды.
"Қарашы, пәлесін! Жүзін жасырып, ешкім көрмесін, танымасын дегені ғой. Ал мен оны танып қойдым! Қайрат, сенімен бірге суретке түсіп алайын, бұл керемет мүмкіндік қой!" Деген орыс тілді апайдың әрекетіне әнші Қайрат та армансыз күліп, бірге суретке түсті.