Қоғам белсендісі, "Тәуекел" ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға 2023 жылы келген Иванның алған азамттығына күмән келтіріп, жазба жариялап, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
"Дабыл ағайын!! Үндемей қалмаңызшы!!! Елге 2023 жылы келген мына Иван Қазақстан азаматтығын қалай алып жүр?? Қазақстан, қазіргі уақытта, елге нан табуға келген гастарбайтер түгіл, сырттан елім деп келген Қандастарға ықтияр хат, азаматтық беру деген дүниені тоқтатып, 5 жыл қандас статуспен тұрасың деген заң шығарып қойған.
Ал келгеніне не бәрі 3 жыл болған мына Ресейлік, не қандас емес, бұрын соңды Қазақ еліне қатысы болмаған мынау Қазақстан азаматтығын қалай алды?
Туысқанымен қауышу, әйелі Қазақстан азаматы болуы сынды дүниелер болғанның өзінде де, мына кісінің тез арада азаматтық алуы заңсыз деп білемін!!! Бұл не? Әлде Ресейден келсеңдер азаматтық бере береміз деген емеурінбе? Тіпті, Қазақстанда 5 жыл тұрды деген негізде берсе, онда Иран, Қытай, Ауған, Өзбекстаннан кеп 5—6 жыл ыһтияр хатпен жүрген, Азаматтықтала алмай жүрген мыңдаған қандас бар. Берсін соларға да азаматтық!!!
Қысқасы, арнайы құқық қорғау органдары осы кісіге "азаматтық берілген" тәртіпті тексерсін. Заңсыз берілгені анықталған болса, мына адамның, мың жерден блогер болсада ресми азаматтығынан айырып, елге дүрбелең салғаны және заңсыз азаматтық беріп жібергендерді қатаң жазалауын талап етемін!!!
Пы—сы: Кешеден бері осының, мен Азаматтық алдым деген видеосын жүздеген қандас жіберген шығар.. Сөздерін ай артынан келген... Ех. Соқыр, мылқау, керең болса ұлығым, арызымды кімге барып айтамын...", - деп жазды Бурахан Дақанов.
