Жазира мен Жанболаттың ұлының тойы ерекше той болып өтті

Жазира мен Жанболаттың ұлының тойы ерекше той болып өтті

Танымал дуэт Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлы Қазыбектің тойы дүркіреп өтті, деп жазады Democrat.kz.

Жазира Байырбекова желідегі парақшасында тойдың әр сәтінен кадрларды бөлісіп отырды. Видеодан келіні Асылыны өнердегі әрі өмірдегі құрбылары Қарақат Әбілдина мен Бейбіт Сейдуалиеваның ортаға алып шыққанын байқауға болады. 

"Тойымыздың басталу уақыты – 17:00.
Арнайы бағдарламаға сәйкес, кеш дәл уақытында басталады. Осыған орай, кешікпей келулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, тойға мобилограф пен видеографсыз келулеріңізді өтінеміз. Барлық сәттер кәсіби түрде түсіріліп, дайын фото және бейнематериалдар ұсынылатын болады. Түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз", - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ ұлан асыр тойда қазақ эстрадасының бір топ жұлдызы төбе көрсетті. 

Барлық жаңалықтар