Әлеуметтік желіде тараған қазіргі депутат Ардақ Назаровтың бір видеосы жұртты күлкіге әбден қарық қылды деп жазады Democrat.kz.
Бұл видео қазіргі депутат, бұрынғы спортшы Ардақ Назаровтың "әлем чемпионы болсам, рингте "Адай" күйін орындаймын" деген арманы туралы екен.
"Қазақстан" арнасында журналист "сіздің осындай арманыңыз болған екен" деп, Ардақ Назаровқа домбыра ұсынады.
"Адай" күйін күмбірлетіп тұрып, орындайтындай домбыраны қолына алған Ардақ Назаров:
"Иә, сондай арманым болған" деп, домбыраны тыңқылдатып отырып...
"Ассалаумағалейкум ай, аманбысың оу Кененім
Көріскелі кеп едім, қайтыс бопты қайтесің
Базар Назар оуу бөбегің
Алатауды жаңғыртып, зарланып салған оуу әуенің
Ата қоқи балдареййй, ене қоқи балдариии
Енді қайдан оууу көрейік" деп "Адай" күйін "айтып берді".
Күй орындайды деп күткен Ардақ Назаровтың мына "өлеңін" жұрт күлкіге айналдырып, талқылап жатыр.


