"Желтоқсан 1986": Досым Сәтпаевтың әкесі туралы сұмдық дерек шықты

"Желтоқсан 1986":  Досым Сәтпаевтың әкесі туралы сұмдық дерек шықты

Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаевтың әкесіне қатысты сұмдық ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың әкесі Асылбек Сәтпаев 1986 жылғы желтоқсаншыларды басуға жұмылдырылғандардың бірі болған деген дерек шықты.

Бұл туралы Алмас Алтай өзінің парақшасында жазды.

"КГБ архивтерін қопарып жүретін Константин Богусловский деген тарихшы, архивші бар екен. Сол Костя жариялаған бір құжатты көрдім бүгін, yvision.kz сайтында тұр, сілтемесін ілем. 

Фотосы төменде тұр: бұл 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісін басуға жұмылдырылған КГБ қызметкерлерінің тізімі. Көпшілігі өзге ұлт, үш әлде төрт қазақ. Солардың бірі капитан Асылбек Сәтпаев...

 ... Досым Сәтпаевтың әкесі көрінеді. 

"Қазақстанда кімнің кім екені туралы" деген энциклопедияда Сәтпаев Асылбек Тұрмұхамедұлының КГБ дан соң ҚР ҰҚК істегені де жазылыпты. Демек, әуел бастан арнайы қызметтердің жауынгері деген сөз...

Асылбек Сәтпаевтың 1986 жылдың 17, 18 желтоқсан күндері қандай қайраткерлік жасағанын білмейміз... Мүмкін, кеңседе қағаз жазып отырған шығар...

Бәлкім, қарусыз студент жастарды сапер күрегімен, арматура кесіндісімен ұрған шығар... Тіпті, кейін көшеге шыққан студенттерді тергеген болар, оқудан шығаруға дейін жұмыстанған болар, кім білсін, алыста қалды ғой қазір...

Анығы, мынау құжатта жазылғандай "Алматы қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге" атсалысқаны... 

 Досым Сәтпаев қазір атаққа шыққан саясаттанушы, демократиялық құндылықтардың қорғаушысы. Ал, оның сүйікті әкесі Асылбек Сәтпаев Желтоқсан

Көтерілісі кезінде демократия қарлығаштарының тірсегін қиған кәнігі КГБшник болыпты. Тағдыр деген қызық я..." деп жазды Алмас Алтай.

Барлық жаңалықтар