Желтоқсан оқиғасына қатысушы, күрескер Ләззат Жапашева бұрынғы "Аманат" партиясының жетекшісі Ерлан Қошановты жекпе-жекке шақырды деп жазады Democrat.kz.
Желтоқсан ардагері Ләззат Жапашева өз үндеуінде: "Ерлан Қошанов, мен сені дебатқа шақырамын! Кездесуіміз бір жетінің ішінде өтуге тиіс! Маған "Аманат" партиясының қазақтың алдында адал болғанын дәлелдейсің, ал мен ол партияның халыққа қандай қиянат жасағанын дәлелдеп беремін!" деп, бұрынғы партия жетекшісімен өтетін жекпе-жегіне барлық ақпарат құралдары өкілдерін шақырды.