Журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Желтоқсан оқиғасының куәгері, Қайрат Рысқұлбековпен бір камерада отырған Мырзағұл Әбдіқұлов марқұм Мұхтар Шахановқа қатысты жұрт білмейтін шындықты айтты деп жазады Democrat.kz.
Сұхбат барысында Мұхтар Шахановтың Мәскеудің мінберінде желтоқсаншыларды қорғап сөйлеген сөзіне қатысты Мырзағұл Әбдіқұлов: "Марқұм Арон Атабек Мұхтар Шахановқа "өлтірем" деп ескертті. Неге?
Мұхтар Шахановтың желтоқсаншыларды қорғап сөйлеген сөзін Арон Атабек жазып бергенін жұрт біледі.
Аронның ағасы Рашид Атабек екеуі Мұхтар Шахановты арнайы Мәскеуге іздеп барған. "Мына жазбаны қалайда сол жерде оқып, айт" деп Шахановқа тапсырған.
"Осыны оқымасаң, біз сені өлтіреміз!"деп Арон мен Рашид сол баяндаманы Шахановқа тапсырған. Сол кезде Олжас Сүлейменов қашып кеткен.
Ал Мұхтар Шаханов қалып қойған. Ал кейін "мен болмағанда желтоқсаншылар..."дей беретін болды. Ал ең басты еңбек Арон мен Рашидтікі", деді.