Әншілікті режиссерлікпен алмастырған Жеңісхан Момышев Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қарап, өнерін жоққа шығаруға болмайтынын айтты, деп жазды Democrat.kz.
«Жеке өміріндегі нәрсе қалсын, ал шығармашылық адамы ретінде сыйлаңыздар. Ол туралы жаман айтудың қажеті жоқ. Қаншама еркектер шығып «Ойбай, концертіне бармаймыз» деп жатыр.
Бармасаң, бармай-ақ қой, сен бармасаң Тұрсынбектің концерті болмай қалмайды. Болады. Тым болмағанда, еркек адамдар, қолдау көрсетіңдер. Сендердікі не?», – деді.