Өткен аптада уағызшы Данияр Кенжеұлының туыстық некеге қатысты айтқаны сөздері көп адамды ойлантып та, ашуландырып та қойғаны мәлім. Содан болса керек, әлеуметтік желілерде "Жеті ата" заңын қабылдау керек деген ұсыныстар айтыла бастады деп жазады Democrat.kz.
Еске сала кетейік, уағызшы Данияр Кенжеұлы тікелей эфирде болған атеситпен дебатта туыстық неке туралы Құранда айтылғанын алға тартқан болатын.
Threads желісін қолданушылар: "Туыстық некеге тыйым салатын заңды қабылдап бекітіп қоймасақ, бұларың біздің елде немере қарындасыңды алуға тыйым салатын заң жоқ деп аргумент келтіріп отыр. Әйтпесе "жеті ата" деген дәстүріміз тоқтата алмайтын сияқты" деп жазуда.
Жазбаға қатысты төмендегідей түрлі пікірлер де жазылуда:
"Егер ондай аурулар көбейгені туралы нақты деректер болса, демек, сол 90-шы жылдары арабтың дінін әкелгендердің арасында бұл астыртын үрдіс таралып үлгірді деген сөз. Демек, қазақтардан жасырын - афишировать етпей - өздерінің арасында олар бір-бірімен қыз алысып жүр деген сөз"
"Иә, бұларға қазырден тыйым салмаса, жайлап инцестті қалыпты нәрсеге айналдырғысы келіп жүр. Сосын кәмелетке толмаған қызға үйлену норм деп уағыздайды, сосын ұлдарымыз бача-бази билеп шықпасын".