"Жездуха" қалжыңдаймын деп өзі мазаққа айналды (ВИДЕО)

"Жездуха" қалжыңдаймын деп өзі мазаққа айналды (ВИДЕО)

Million тобының жетекшісі Қанат Тасхан оқырмандарына өтініш жасаймын деп жұрттың күлкісіне қалды деп жазады Democrat.kz.

"Менің телефонымды алаяқтар бұзып, сіздерден ақша сұрап жатыр екен. Неге ешқайсыңыз оларға ақша бермей жатырсыздар? Ұялып өлдім ғой?! Сіздер сұрасаңыздар, астымыздағы атымызды да береміз ғой" деп қалжыңдаған "Жездуха" сериалының кейіпкерін жұрт біраз жерге апарып тастады. 

Көпшілікке Қанаттың қалжыңы емес, видеодағы футболкасының ыңғайсыз тұрғаны қызығырақ болғандай, "қай размер?", "Келінка сабинка сияқты боп қалыпты", "емізетін әйел сияқты" деген сыңайдағы пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар