Халыққа "Жездуха" сериалымен және "Миллион" КВН коандасы арқылы танылған Қанат Тасхан досы, әріптесі Мақсат туралы ел білмейтін сұмдық жағдайды айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Кезекті бір сұхбатында Қанат Тасхан: "Жездухадағы" Айжамал рөлін сомдаған Мақсат ауыр дертке ұшырады. 2018 жылдары "Миллион" КВН командасының бағы енді жанады, Жездуха сериалымыз енді дүркірейді деп отырғанда, Мақсатымыз қатерлі ісік дертіне ұшырап, қатты қиналдық.
Астанаға шақырту алдық. Мақсатқа жол жүруге дәрігер рұқсат бермеді. Ал Мақсаттың өзі барғысы келді. Ақырында дәрігерге қолхат жазып беріп, Мақсатты да өзімізбен бірге алып кеттік.
Ол кезде Мақсат 3-4 рет химия алып қойған кезі еді. Шашын алып тастаған. Мойнын үнемі орап жүретін. Қазір Құдайға шүкір, ол ауруынан айығып кетті. Иә, күтініп, қаралып жүреді. Бірақ бұрынғыдай емес, қазір жағдайы өте жақсы", - деді.