"Жігіттер" тобының әншісін әйелдер таптап кете жаздады (ВИДЕО)

"Жігіттер" тобының әншісін әйелдер таптап кете жаздады (ВИДЕО)

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбекті кезекті концертінде қаумалаған әйелдер қауымы таптап кете жаздады деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған әнші "ақырында құладым" деп жазды. 

Видеода өнер көрсетіп тұрған Айдар Тұрғамбекпен суретке түспекке ұмтылған әйелдер бас көзге қарамай, бір бірімен таласып, тармасып, ақырында әншіні "жығып құлатты".

Тыңдарманының көңілін қимаған әнші болса, құлап жатып та, ән айтуын тоқтатпады. 

Мына видеоға қатысты жұрт жағасын ұстап, "жабайылық", "не көрінді сонша" деп реніштерін білдіруде. 

Барлық жаңалықтар