Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі фото, видеоларын жариялап, жұрттың ренішін туғыза бастады деп жазады Democrat.kz.
Түрлі трендтерге еріп бірде билеп, енді бірде киімдерін жарнамалап контент жариялайтын Алау Қайратқызының имиджі қазақы менталитетке аса келе бермейтіні белгілі.
Мәселен, таяуда ғана жас қыз Алау кеудесі барынша ашық көйлегімен фото жариялап, елдің ренішін тудырды.
Бұл аз десеңіз, әкесі Қайрат екеуі билеп түрлі тренд түсіріп жатқан Алау қазіргі демалыстарында купальникпен түскен жартылай жалаңаш видеоларын ашық жариялады.
"Өзі біледі ғой" дейтін түсінікке мынадай фотоларды сыйдыра алмаған оқырмандары "мектеп оқушысының бұлай денесін көрсетіп фото, видео жариялауы дұрыс емесін" айтып, "әкесі, атасы неге үндемейді" деп сұрау салуда.
Әлеуметтік желі әркімнің отыратын жері болғандықтан, титтей қыздың өз денесін барынша ашып, тілін шығарып, әбес әрекеттермен ел алдына шығуы ұяттан бұрын басқаларға қандай үлгі деген сұрақ бар.
"Жұрт жаман пікір жазды" деп тулап, елге ренжіген апасы Гүлзира Айдарбекова Алаудың басқа қыздардың да солай жартылай жалаңаштануына түрткі болып жатқанын білмей ме?
Әлде еркіндік деген осы екен деп, мектеп жасындағы қыздарымыз әр парақшадан денесін көрсетіп, тілін шығарып билей беруі керек пе?
Танымал тұлғалардың әрбір әрекеті басқалар үшін "үлгі" болатынын ескерсек, жастарымыз қазір кімдерді үлгі тұтып жүр? Жалпы, әлеуметтік желіге шығудың өзіндік тәртібін орнатпаса, келешекте қазақы ұят дегеннен айырылып қалмаймыз ба?
Төменде Алау Қайратқызының фотосына қатысты жазылған пікірлердің бір парасын назарларыңызға ұсындық. Бұған не айтасыздар?
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.





