Танымал ресейлік саясаткер, марқұм Владимир Жириновскийдің көзі трісінде алдағы уақытқа жасаған саяси болжамы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.
"Израиль Иранды бомбалау туралы бірнеше жыл бұрын шешім қабылдап қойған. Бұл бомбалау міндетті түрде болады.
Иранды бомбалаудан соң миллиондаған босқын жан жаққа қашады. Босқындар қайда қашады? Әрине, солтүстікке. Сол кезде біз не істейміз, шекараны жабамыз.
Осы кезде Әзербайжан, Армения, Грузия да күл болады. Сирияның мақсатына жетпей қалған әскерлері Ауғанстанның солтүстігінде өз сағатын күтіп отыр. Олардың мақсаты Орта Азияға басып кіру.
Топалаңның бәрі Орта Азияда болады. Босқындарды кіргізбей қойған Ресейдің президенті мен Трамп Сочиде келісім үстеліне отыруға мәжбүр болады.
Сонымен қатар ол соғыс басталғанда, мұнайдың бағасы 120 долларға дейін шарықтайды. Бұдан тек Ресей ұтады.
Қытайда ол кезде кризис басталады. Трамп пен Путин өзара келісім жасайды. Сол кезде қандай келісім болу мүмкін? КСРОның батыс шекарасын қайтадан белгілеуге келісім жасалады. Молдавия, Прибалтика, Украина, Беларусия елдері Ресейдің ықпалына өтеді.
Ал Орта Азия елдері амалсыз Ресей ықпалына өтіп, ол жақтағы үлкен аймақтарды басқаруға орыс ұлтының өкілі отырады" дпті марқұм Жириновскй.
Бұл видеоға қатысты "сол кездің өзінде Трамптың билікке қайта келетінін қалай білген", "Нострадамустан асып түсті ғой бұның болжамы", "қалай дәл айтып отыр", "сол кезде бұның сөзін мазақ еіп едік, енді міне, айтқаны айдай келді" дескен жұрт таңғалуда.