Жоғалған отбасы: Журналист жаңа ақпарат жариялады

Жоғалған отбасы: Журналист жаңа ақпарат жариялады

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының жағдайы бүкіл елді алаңдатты. Бұл мәселені журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында тарқатып жазды деп жазады Democrat.kz. сайты kznews.kz сайтына сілтемемен.

Журналистің айтуынша, облыс полиция департаментінің жаңа бастығы, генерал-майор Оңал Ботайұлы Бекеев халықтың үрейін түсінгенін және Жангелдин трагедиясын терең бақылауға алғанын мәлімдеді.


“Бұл қылмысты министрліктен бастап мықтап қолға алды. Күні-түні басты бақылауымызда. Жуықта ашылады”, – деп сендірген басшы.

Жанат Молдашова өз жазбасында кездесуге қатысты эмоциясын да бөлісті:

“Көрісе салып, сын айту орынсыз дейтін болар. Бірақ бір «сүйкімсіз» мен-ақ болайын. Талай басшылар келіп кетіп жатыр. Елде қалатын біз”, – деп жазды журналист.

Оқиға бойынша көпшілік жаңа басшының іс-қимылына үміт артып отыр. Полицияның әрекеті мен тергеудің нәтижесі жақын арада жария етіледі деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар