Әнші Ұлықпан Жодасов "неге жоғалып кеткенін" айтып, жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Көптен жоғалып кеттім, шаруаларым болды, жолда жүрдім" деген Ұлықпан Жолдасов жаңа бір әннің шығу тарихы туралы оқырмандарына айтып берді.
"Осы күнге дейін анама ән арнамапын деген ой күтпеген жерден келіп, студияға келіп, лезде осы ән шығып, құйылып кетті" деген Ұлықпан Жолдасов "Аяулы ана" әнін өздерінің күміс тойында айтып бергенін жеткізді.