Еліміздегі ең проблемалы жолдардың бірі – Жезқазған - Қарағанды тасжолы әлі де бұзылған күйі тұр деп жазады Democrat.kz.
Жүргізушілер осы жолмен жүру үшін жылдамдықты сағатына 15 шақырымға дейін төмендетуге мәжбүр.
Бұған дейін трассаның құрылысына 650 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын, ал Көлік министрлігі реконструкциялауды мамыр айында бастауға уәде берген болатын. Жоба бойынша жұмыстар 2026-2029 жылдарға жоспарланған.