Әнші-композитор Жолбарыс Сейфуллин өзін састырған жағдайға тап болды, деп жазады Democrat.kz.
Құрмаш Маханның орындауындағы «Жан сырым» әнін өзі жазғанын айтқан өнер иесіне «Хит қой, күшті ән, қалай сіздікі? Сенбей тұрмын...» деген тосын сауал қойылды. Сол кезде Жолбарыс та жұлып алғандай: «Мынадай боймен дейсің ғой» деп жылы жауап берді.
Алайда желідегі көрермен сұрақ қоюшының хайп қуған қарекетіне емес, Сейфуллиннің қалжың көтеретін мінезіне тәнті болды.