Ел арасында Жұлдыз Әбдікәрімованың туған жері мен өскен ортасы жиі айтылады. Бірақ актриса бұл жолы да осы сұраққа жауап беруден жалтарды, деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде бірқатар әншілер арасында туып-өскен жері мен өскен ортасына қатысты сауал қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік мүдірмей жауап берді.
Тіпті, кейбіреулері жеті атасына дейін жатқа айтты. Тек Жұлдыз Әбдікәрімова ғана түрін тыржита: «Қазақ бөлінбеген, бөлінбейміз. Мені білмей-ақ қойсыншы» деп ат тонын ала қашты.
Алайда, мұны көрген желідегі жұрт Жұлдыздың шыққан ортасын жарыса жазумен болды.
«Қарақалпақстанда дүниеге келген. Айтуға ұялып тұр ғой», «Өзбекстанда туылған, Жұлдыз айтуға намыстанып тұр», «Қарақалпақ емес, кіші жүз – Әлімнің қызы. Менің танысымның ағасының қызы ғой», «Гүлзираға рақмет, осындай мінезін көтеріп жүрген», – деді желідегі жұрт.