"Жұлдыз Сүлейменова, ұстаздан алынған әрбір ақша қайтарылсын!"деген белсенді педагог үндеу жасады

"Жұлдыз Сүлейменова, ұстаздан алынған әрбір ақша қайтарылсын!"деген белсенді педагог үндеу жасады

Күні кеше ғана мұғалімдерге сүйінші жаңалығын жеткізіп, енді тест, портфолио, авторлық бағдарлама болмайтынын мәлімдеген Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға кей мұғалімдер талап қойып, үндеу жариялап бастады деп жазады Democrat.kz.

Facebook әлеуметтік желісінде белсенді мұғалім Перизат Омархан біліктілік санаты үшін осыған дейін жұмсаған шығындары туралы айтып, министрге талап қойды.

"Жұлдыз Сүлейменова ұстаз,авторлықтың жағдайы не болмақ.
Канша ай -кун осымен алыстық.Енді уф бітті ау деп қолымызға тиеді ау деп отырғанда  өзгерттіңіздер.

Тестілеу болмаса болмасын ал енді авторлықты жасап оны қорғап отырған қаншама ұстаздар бар олардың еңбегі мен қаражаты ауада калғаныма ?

Біліктілік мерзімі жақын тұрған ,авторлықты жасаған ұстаздардың авторлығын қабылдап ұстаздың өтінішіне сай біліктіліктері берілсін .

Бала шағамызды тастап ауыздарынан жырып жасаған еңбегіміз қайда қалмақ.

Авторлықты жазған ,біліктілік уақыты келген ұстаздарға өтінішіне сай біліктілігін қарастыруыңызды сұраймыз.
Авторлықтың құны 180 000 мың болды.Ауданнан өткенше 100000 тг ден әр мұғалімнен алды.Облыстан өткізу ушін коммисиялар тағы 120000 мың теңгеден алып отыр .Бұл ұстаздың құқығы ма әлде ашық бизнес пе?

Ал партфолияны жинақтау каншама ақылы оқытылған курстар (30000 .40000.50.000 тіпті Республикалық жетістіктер (1000 теңгеден 30 -40 байқау)ушін қаңғып кеттік )сонда бұлардың бәрін бір кунде заңсыз ету дегеніңіз ұстаздардың еңбегі мен құқығын таптау деп ойлаймыз.

Тағы бір айтарым:
Алтынсарин мен Бренд тестілеу орталығы Оқу министірліктің қарамағында яғни бірге жұмыс атқарып отырсыздар.

Енді осы аталғандарға тестке дайындық үшін Алтынсарин 56.000 тг ден әр ұстаздан алған және тестке дайындық мүлдем жасамаған десек те болады екінші Бренд онлайн 75.000 мың тг мен ұстаздарды жинаған осы екі онлайн әрбір ұстаздан алған қаражаттарын заңды турде қайтаруын талап етеміз", деп жазды Перизат Омархан.

Барлық жаңалықтар