Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова қызын қырқынан шығарды деп жазады Democrat.kz.
Қызының қырқынан шығару ырымы туралы видеосын бөліскен Жұлдыз: "Бүгін Рәбия Сұлтанды қырқынан шығарып жатырмыз. Рәбия Сұлтан қазақ елінің қызы болсын, тарихи тұлға болсын, Алланың құлы болып, салихалы ұрпақ болсын" деп тілегін айтып, қырық суын құйды.
Видеоны тамашалаған жұрт таңғалды. "Қайрат қайда?", "қызының фамилиясы Сұлтан ба, бұл қалай?", "неге қызын Рәбия Қайратқызы демеді?", "қырқынан шығаруға неге ешкім келмеген?", "Қайрат пен шешесі де келмепті" деп жұрт пікір жазуда.