Түркістан облысында тағы бір жасөспірім әлімжеттік салдарынан қайтыс болып, елдің қабырғасын қайыстырды деп жазады Democrat.kz. сайты Caravan.kz -ке сілтеме жасап.
Қаралы күнді егіліп отырып еске алған әжей 9-сынып оқушысын достары кешке қарай сұрап алып кеткенін айтады. Сол кеткеннен оралмаған жеткіншектің жансыз денесі мола маңынан табылыпты.
“Бұлар 3-4 баланы қойып қойған шеттерінен. Сөйтіп жаңағы төртеуі ұрып шыққан ғой. Екі рет айналдырып шыққан 4 бала. Екі соққыдан есептегенде 8 соққы екен. Менің інімнің жүрегінен ұра берген. Тек жүректен ұрған. Жүрегінен ұра берген соң сол жерде тоқтап қалған жүрегі. Жүрегі жарылып кеткен. Ұйқы безі езіліп кеткен. Ол да жарылып кеткен. Сол кезде тіл тартпай кеткен. Бұлар маған алдап талып қалды деп айтып тұрды. Мен жетсем 40 минут бұрын жүріп кеткен екен інім”, – дейді марқұмның ағасы Бауыржан Нұржанұлы.