Әнші Қарақат Әбілдина инстаграм парақшасында шынайы махаббатқа толы видео бөлісіп, оқырмандарына игі тілегін жолдады деп жазады Democrat.kz.
"Не дерсің мынау көңілге?…
Жұптарыңыз жазылмасын !
Махаббаттарыңыз ескірмесін!
Қайырымды, мейірімді, кешірімді бола білейік!
Ешкімнің өмірі ешкімге үлгі бола алмайды! Әр жұптың өздеріне ғана мәлім сыры мен жыры жетеді. Мәселе басқада …
Мәселе екі жүректің бір майданда қатар тұра білуінде. Түзу жолдан адаспай, қол ұстасып сынға төтеп беруінде. Әлбетте айтуға оңай. Бірақ бәріне де жетуге болады. Егер жүрек шын қаласа бәрі де еңсеріледі.
Сіз осы тақырыпқа қандай ой қосар едіңіз?" деп жазды Қарақат.
Әншінің оқырмандары да оған жылы лебіздерін білдіруде. Алайда оқырмандарының бірі "мына жүрістеріңіз опасян екен. Тағы бір Айзони болып қалатын сияқты" деген күдігін жасырмады.