Журналист Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалды деп жазады Democrat.kz.
Іс оның бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызының арызы негізінде тіркелген.Бұл жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Астана қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Тергеуді Есіл аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, 1992 жылы туған Қорабаева Айғаным Болатқызы бұрынғы күйеуі — 1986 жылы туған Асхат Мұратович Садырбаевқа қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінген.
«Аталған дерек бойынша 09.10.2025 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген полицияның ресми жауабында.
Айғаным Болатқызы бұған дейін бұрынғы күйеуінің өзіне күш көрсеткенін, азаптап, соққыға жыққанын ашық айтып, құқық қорғау органдарынан және қоғамнан көмек сұраған болатын. Ал Асхат Садырбай бұл айыптауларды жоққа шығарып, жала екенін мәлімдеген. Бұған дейін журналист экс-жұбайын сотқа беріп, жеңіске жеткені де айтылған. Дегенмен Айғаным Болатқызы кейін алған жарақаттарын көрсетіп, қайта арыз түсірген.
Қазіргі уақытта іс бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.
"Баламды жұлып әкеткен сәттер аз емес": Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі бар шындықты айтты
Маскасы шешілді – Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді