Журналист "Beeline", "Aktiv", "Tele 2" - ге бойкот жариялауды ұсынды

Журналист "Beeline", "Aktiv", "Tele 2" - ге бойкот жариялауды ұсынды
Танымал журналист Ербол Мәндібек еліміздегі байланыс операторы activ-ке бойкот жариялау туралы ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Ағайын, activ-ке бойкот жариялайық. Бұлар халықтың ақшасына семіргені соншалық, санасуды қойды. Бүгін қызметі істен шықты. Интернеті нөл.
 
Мыңдаған адам осының кесірінен қолайсыздыққа ұшырады. Егер халықты ойласа алдын ала қызметі істен шығарын ескертуші еді. Демек, халықты тобыр көріп отыр.
 
Егер бойкотты қолдаймын десеңіз + белгісін қалдырыңыз! Және осы постты бөліс!
Халықты сыйламайтын мұндай компания нарықтан кетсін. Әлемде Қазақстан нарығына сұранып отырған компаниялар жетеді. Мұндай монополист арамтамақтарға орын жоқ" деп жазды Ербол_Мәндібек.
 
Журналистің бұл жазбасына жүздеген кісі қолдау білдіріп, еліміздегі басқа "билайн", "теле2" сынды операторларға да бойкот жариялауды айтып, пікір жазуда. 
Барлық жаңалықтар