Журналист ерекше балаларды қорлаған мамандар туралы сұмдық жайтты айтты

Журналист ерекше балаларды қорлаған мамандар туралы сұмдық жайтты айтты

Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің парақшасында сұмдық оқиға туралы жазба бөлісіп, "балаларымызды қорғайық" деп үндеу тастады деп жазады Democrat.kz.

"Видеода балаға қатігездік көрсетілетінін ЕСКЕРТЕМІН‼️

“Ерекше балам дамысын, жүрсін, сөйлесін” - деп ата-ана байғұс орталықтарға апарады. Кредит алса да соңғы тиынын осы баланың еміне жұмсайды.

Ал орталықтағы “мамандар” айтатын тілі, түсінетін ойы жоқ, қатігездіктен хабарсыз балаларды ұрады, үстіне отырып алады, жүрісін салып мазақтайды. Маман дедім сыпайылап, маман болудан садаға кет! 

Орталық ашып, бизнес жасар отырған кәсіпкерлердің барлығы әр бөлмеге камера қоюмен бірге, ата-ана көріп отыратындай доступ беру керек. Жұмыс істейтін мамандардың психологиялық жағдайы ай сайын тексеріліп тұруы тиіс.

Өзі өмірге өкпелі, іші толы негатив адам ерекше баламен жұмыс істей алмайды! Маман бірінші кезекте мейірімді болуы керек. Ал ондай емессің бе, “кете бер” деу қажет. 

Ресми түсініктеме: Бірінші видеодағы оқиға Екібастұзда болған. Қазір іс қозғалып тергеу жүріп жатыр.

Ал екінші оқиға былтыр Атырауда болған. Бірақ полицияға биыл жеткен. Бұл оқиға бойынша да тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаға қатысы бар барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етеміз!

Жазбаны қолдап, таратуға сеп болайық. Балаларымызды қорғайық"деп жазған журналист сұмдық видеоны парақшасында бөлісті. 

Барлық жаңалықтар