Танымал журналист Жанар Байсеміз қоғамда шу тудырған Ахмед Құрбанәліге қатысты даудан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәселеге қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
"Үш күн жайсыз түс көрдім. Сұхбатқа келетін бір адаммен екі күн бойы түсімде ұрсысып шықтым. Дауысым шықпай, булығып қиналдым.
Маған қатысты бір қитұрқы іс жасапты деймін. Соны жеткізе алмай қиналдым. 3-күні жұбайымның жоқ көңілдесі кіріпті. Жап-жас қыз екен деймін. Жанын шығардым байғұстың. 4-күні тамағымнан ұстап, қатты ауырып қалдым. 2 күндік бүкіл съемкамды кейінге қалдыруға мәжбүр болдым. Тамағым ауырмағалы көп жыл болған. Таңертең мамамның әдісімен тұзбен бастым. Жөтел қысып жатыр.
Жайсыз түстерімнің мәнісін бүгін ұқтым. Ол жайында айтамын ба, айтпаған дұрыс па көремін. Не болса да қайыры бар шығар.
Сұмдық резонанс тудырған сұхбатыма қатысты. Рухым сездірген екен. Мені сырттай күстәналап, айыптап, жамандап жатқан, істің байыбына бармай байбалам салып жатқан адамдардың жүрегі тыныштық тапсын. Жандары махаббатқа бөленсін. Құдай түбін берсін.