Журналист Жанар Байсеміз маңызды мәлімдеме жасады

Журналист Жанар Байсеміз маңызды мәлімдеме жасады

Алматыдағы Тимирязев көшесі Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталсын ба деген журналист Жанар Байсеміз жұртшылыққа үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Алматыдағы Тимирязев көшесі Әлихан Бөкейхан даңғылы болсын ба, ағайын?! 

Елдос Тоқтарбайдың ұсынысын кім қолдайды? Талап етейік! Бірігейік! Әркім өз парақшасына салсын, көбірек жариялайық. Бәлкім әкімдіктегілердің көзі шалып қалар…

Құрметті достарым!
Осы рилсті таратуға көмектесіңіздерші!
Бәлкім біздің сөзіміз билікке жетіп қалар!
Мүмкін мәртебелі кісілердің мемлекеттік маңызды жұмыстарды атқарып жүріп, Тимирязев көшесі туралы ойлауға мұршасы келмей жатқан шығар…

Мақала Қамшы.kz сайтынан алынды. 

Әй, Тимирязев деген кім еді сонша, деген сұраққа келсек:

Біріншіден, ол Ресейден шыққан жаратылыстану саласында жаңалық ашқан алғашқы ғалым екен.
Иә, ғалым делік. Бірақ ол Қазақстанға, қазаққа қандай еңбек етті?

Мейлі, ғылым саласында жаңалық ашқаны үшін мақтап, мадақтауға болар. Бірақ қазақ елі үшін, ұлтымыз үшін күресіп, еңбек еткен өзіміздің де ұлы тұлғаларымыз толып тұрғанда, қазаққа түк қатысы жоқ, тіпті өмірінде қазақ ұлтын құлағы естімей кеткен, аяғы жерімізге тимеген шетелдік ғалымның атына Алматының үлкен көшесінен неге ат беріледі?

Бұл мәселеге қатысты саясаткер, журналист Марат Байділдаұлы былай деді:
– Тимирязев деген орыс ғалымының қазаққа түк те қатысы жоқ. Сонау 30-40 жылдарда небір ауылшаруашылық мамандары оны оқыса, оқыған шығар. Бірақ Тәуелсіз Қазақстанға атын беретіндей еңбегі жоқ. Сондықтан ол көшенің атын қазақыландыру қажет деп есептеймін.

Тек ол ғана емес, Тимирязев секілді толып жатқан көшелердің барлығының атын қазақшалау керек. Негізінде Тәуелсіздік алғаннан кейінгі отарсыздандыру (деколинизация), советсіздендіру (десоветизация) құбылысы жүруі керек еді.

Осындай құбылыстардың орын алмауының салдарынан әлі күнге дейін кешегі отарлаушы жүйенің ықпалыменен өмір сүріп келеміз. Бұл Тәуелсіз Қазақстан үшін ұят, азат Қазақстан үшін абыройсыз әрекет. Бұлардың барлығын тоқтатып, жөнге салу керек деп есептеймін, – дейді саясаткер"деп жазба жариялады журналист. 

Барлық жаңалықтар