Журналист ұлдарының туыспен қатынасы туралы шындықты айтты

Журналист ұлдарының туыспен қатынасы туралы шындықты айтты
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен ұзақ сөйлесіп, қазақы қасиет туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, тек рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлесемін. 
 
Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде “өздері біледі ғой” деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтам — бұл мен үшін ең маңыздысы.

Кейде екеуі ұрысып қалады. Ондайда эмоцияға берілмей, отырғызып сөйлесем, түсіндірем, кешірім сұратып татуластырам.
 
Үлкеніне көбірек сенім артам: үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау — бәрін соған тапсырам. “Әкесінің орнында сезінсін” деймін. 25-ке дейін үйленем деп отыр.

Туыстық байланысқа да мән берем: үлкендер, ата-бабасы, туыстары ұмытылмасын деп чатқа суреттері мен видеоларын жиі жіберем. Кейбірін танымайтынын байқаймын.

Жақында үлкен ұлым: “Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз” деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз — бәлкім жастық әсері шығар, бірақ әңгімелері ересекше.

Қысқасы, менің ұлдарыммен әңгімем — достық, сенім және жауапкершілік туралы. Ал махаббат — сол әңгіменің ең жылы бөлігі"деп жазды журналист.
 
 
Барлық жаңалықтар