Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен және ауаның ластануымен күрес
«Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Аумақтық экология департаменттерімен және жергілікті билік органдарымен бірлесіп көптеген қоқыс орны жойылды.
«Таза ауа» рейдтері барысында 482 автокөлік тексеріліп, экологиялық стандарттарды бұзудың 105 фактісі анықталды. 96 жүргізушіге айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. Бұл шаралар экологиялық нормаларды сақтаудың маңызды екенін көрсетеді, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырды.
Экологияны цифрлық қолдау
Жобаның ерекше жетістігі – азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасының құрылуы болды.
Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды.
Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару – 668 өтінім, көшелерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша – 595 өтінім.
Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр – 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр – 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы – 757 өтінім.
Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды.
Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы
Қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және экологиялық сананы ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру мақсатында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды.
Тұжырымдаманың басымдықтарының бірі – жастарды экологиялық жобаларға тарту болды. Жыл бойы лекциялар, эко-сағаттар және экологиялық зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Осылайша, биыл 90 мыңнан астам ерікті азамат абаттандыру және көгалдандыру акцияларына қатысты.
Халықтың экологиялық сауатын арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу, ластану деңгейіне мониторинг жүргізу тақырыптарын жария ету, абаттандыру және эковолонтерлікті дамыту жөнінде конкурстар өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Тұжырымдаманың негізгі бағыты – азаматтардың белсенді қатысуына жағдай жасау. Өз тиімділігін дәлелдеген @TazaQazBot секілді цифрлы платформаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Одан бөлек, экологиялық нормалардың сақталуына және экологиялық стандарттардың енгізілуіне бақылау күшейтілуде.
Сонымен қатар келесі жылы тұрақты экологиялық басқару жүйесін құру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту көзделген. Аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акциялар өткізу жоспарланған.
Бұған қоса, шығарындылар көлемін азайту және экологиялық стандарттарды бақылау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі. Цифрлы технологиялар мен медиа ресурстарды қоса алғанда, халыққа экологиялық білім беру бағдарламаларын дамыту көзделген.
«Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс.
Кешенді шаралар мен инновациялық технологияларды енгізудің арқасында Қазақстан экологиялық саулыққа, орнықты дамуға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға маңызды қадамдар жасап отыр.
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

-
"Ауыл мектебін сақтайық!" деген ата-аналар билікке үндеу жасады12:00, 16 қыркүйек 2026
0
-
Қазақстанда кейбір пайдаланылмайтын банк карталарының шоттары жабылады11:30, 16 қыркүйек 2026
4
-
Қызметтерін жою: Білім саласына қатысты маңызды қаулылар шығарылды11:00, 16 қыркүйек 2026
132
-
"Бір жерін уқалап": Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің видеосы жұртқа бет шымшытты10:00, 16 қыркүйек 2026
116
-
Қазақстанда банктер арасындағы мобильді аударым лимитін 2 млн теңгеге дейін көтермек09:41, 16 қыркүйек 2026
32
-
Мектептің бітпеген ремонты: Оқушы уланып, зардап шекті09:00, 16 қыркүйек 2026
117
-
Қазақстанда Оңтүстік Корея дәрілері өндірілуі мүмкін18:00, 15 қыркүйек 2026
58
-
Еуропада несие тағы қымбаттауы мүмкін: ЕОБ мөлшерлемені қайта көтеруді қарастырып жатыр17:30, 15 қыркүйек 2026
55
-
Трамп Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу нысандарына соққыны тоқтатуды сұрады17:00, 15 қыркүйек 2026
57
-
Мұнай қайта $108-ға көтерілді: доллар екі аптаның ең жоғары деңгейіне жетті16:30, 15 қыркүйек 2026
49
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11557
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7610
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7438
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
7048
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6302
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
6101
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5709
-
"Жарығым сөнді": Нұрлан Өнербаевтың отбасы қара жамылды
22:22, 20 маусым 2026
4848