Оқу жылы аяқталғанда, жыл сайын болатын дау басталды. Мектеп ремонтын мұғалімге жасату немесе ремонт жұмысын еден жуушыларға жүктеу проблемасы биыл да болып жатқаны анықталды деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде тараған видеода мектеп басшыларының "мектепті неге техничкалар ремонттап жүр?"деген сұраққа берген жауаптары жұртты таңғалдырды.
"Мектепке жөндеу жұмыстары жасаған кезде, еден жуушыларға , ағарту, сырлау, бояу , нақты айтсақ, жөндеу (ремонт) жұмыстарына салу, қаншалықты заңдылы. Менің біліумше, ол заңсыздық, егер қосымша ақша төлемесе. Еден жуушының жалақысы 98 000 тпңге екен"деп видео жариялаған желі қолданушының сұрақтарына сауатсыз жауап берілді.
Мектептің ішкі ремонт жұмыстарын техничкалар жасап жүргені қалай деген сұраққа білім ошағының әкімшілік қызметкерлері болса керек, міз бақпастан: "жылда солай ғой. Бұрыннан келе жатқан не ғой. Оқу біткен соң, өздері жасайды да, демалысқа шығып кетеді ғой. Әктеу, сырлау жұмыстарын жасайды ғой.
Олар егер ақысыз демалысқа жазатын болса, ақшасыз қалады. Жіберуге тура келеді ғой онда. Техничка жеңіл жұмыстарды, әктеу, сырлау жұмыстарын жасайды" деген жауаптар берді. Бұл қалай?
Мектептің ремонтына, ремонт жасауға арналған заттарына бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Олай болса, неге бұл жұмыстарды арнайы маман емес, мұғалімдер мен техничкалар жасауы керек? Өкінішке қарай, осы басты сұраққа мектептің әкімшілік қызметкерлері нақты, дұрыс жауап бере алмады.
Осы жазбаға қатысты өз ойын білдірген пікірлерде жұрттың көбісі "баяғыдан солай, қазір де солай. Мектептің ремонтын, әр мұғалім өз сыныбының ремонтын өздері және техничкалар жасайды"деп жатыр.
Олай болса, ендігі сұрақ, мектеп ремонтына бөлінген бюджет қаржысы қайда кетіп жатыр? Әлде ремонт жасағаны үшін мұғалім мен техничкаға қосымша ақы төленіп жатыр ма?



