Жын тиді ме, әлде... Бір ауылда әр аптада бір бала бақилыққа аттануда

Жын тиді ме, әлде... Бір ауылда әр аптада бір бала бақилыққа аттануда

Белгілі журналист Нұрадин Нұрақай соңғы уақытта тіпті жиілеген сұмдық жайттарға қатысты сұраулы жазба жариялды деп жазады Democrat.kz.

"ҮРЕЙ... Жын ба? Шын ба?
Жазбайын деп ем. Жасөспірімдердің асылып өлуі жилеп барады. Бәрі бір ауданда, бір ауылда. Былтыр да бірінен соң бірі кетіп еді. Онда да күзде.
 
Ел арасында қорқынышты көріністегі елес бары айтылған. Сұмдық жылдамдықпен ауыл ішін кезіп көзден таса болып, шалғай барып шақырады дегенді құлақ шалды. Сенбедік.
 
Сенбейін десем биыл да сол жағдай. Тамыз бітпей тұрып Жамбылда үш жасөспіріп асылған күйі табылды. Бір айдың ішінде.Тағы сол Түймекент ауылы. Екіншісі соған тиіп тұрған Дихан ауылында.
 
Сіздерге бұл жәй сәйкестік пе? Алаңдатпай ма? Күдік тудырмай ма. Әр аптада бір бала бақилық болады. Жас шамалары 15-16 дағы бозбалалар. Булинг пе, интернет ойыны ма себеп белгісіз.
 
Бейресми дерек бойынша сегіз айда Жамбылда он бес оқушы суицид жасаған. Тиісті орындар себеп-салдарымен күресіп жатқан шығар. Бірақ одан кеміген өлім жоқ. Дем салдырамыз ба, не істейміз?" Деп жазды журналист. 
Барлық жаңалықтар