"Халық партиясы" атымен тіркелген ТикТок парақшасында жарияланған видео жұртқа жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Фатима есімді қыз медреседе тәлім алып жүргенінде сол жердегі жасы жетпісті алқымдаған ұстаздың бейәдеп сөздерін айтты.
"Ол кезде 18 жастан асқан кезім еді. Бөлек бөлмеге шақырып алып, сауаптың түрлерін айтты. Медреседегі ұстазымыз үлкен жастағы кісі "Сауап жинауды сен білесің бе? Ер кісінің жыныс мүшесін ұстасаң, сауап" деп сауаптың сандық көрсеткішіне дейін айтты. Сол кезде таңғалдым. Жетпістен асқан кісі, ұстаз деген адам осындай масқараны айтса...түкіргенім бар дедім. Мұнан бөлек, ол "ер кісі әйелдің омырауын ұстаса пәлен сауап, ернінен сүйсе, мойнынан сүйсе пәлен сауап" дегенді де айтты" деген Фатима медресе ұстазының мынадай арсыз тірлігінен кейін діндарлардан түңіліп кеткенін айтты. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)