Екі миллионнан астам қаралым жинаған семейлік балабақша меңгерушісінің кабинеттегі шашын бояған суретінен кейін енді басқа бір дау басталған сияқты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, біраз уақыт бұрын Абай облысындағы «Солнышко» балабақшасының басшысы Майкенова Айнұргүлдің жұмыс кабинетінде шашын боятқан суреті қызу талқыға түскенін жазған болатынбыз.
Ақпарат құралдарына дейін шығып кеткен әлгі суреттен кейін "Солнышко" балабақша қызметкерлерінің арасында "суретті интернетке кім салды" деген сұрақ пайда болып, дау басталған көрінеді.
Балабақша қызметкерлері өздерінің чаттарында суретті салып жіберген адамды шарқ ұрып іздеп, таба алмай отыр екен.
Мұнан бөлек, ыңғайсыз суреті интернетті шарлап кеткен балабақша басшысының өз ренішін білдіріп қана қоймай, аздап қысым жасауды меңзейтін сөздер жазған чат скрині шықты.
Скрин жзбада шашын кабинетте бояған басшы суретті рұқсатсыз түсірген адамды табатынын, үстінен шағым түсіретінін айтып, "суретті салған адамның өресі туралы сөзім жоқ. Неге жетістік туралы сурет салмайды? Мейлі ғой, мен әрі кетсе басшылықтан сөз естіп, тіпті сөгіс алармын. Алайда осындай нәрсені жасаған адамға құдай жазасын берер" депті.