Камчаткадағы зілзаладан кейін ең белсенді вулкан оянды

Камчаткадағы зілзаладан кейін ең белсенді вулкан оянды

Камчаткада жойқын жер сілкінісінен кейін Еуразиядағы ең биік әрі ең белсенді жанартау атқылай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Жанартау Ключев шоқысы деп аталады. Ресей ғылым академиясының біріккен геофизикалық қызметінің аймақтық филиалы Ключев шоқысының батыс баурайынан лава ағып жатқанын хабарлады.

Шоқының басында жарқыраған жарық байқалып, жарылыс дыбыстары естіле бастаған.

Ресей ғылым академиясы аймақтық филиалының камералары жанартаудың атқылау сәтін түсіріп алған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Камчаткада жанартау етегінде бірнеше туристік топ жүр. Сонымен қатар кейбір туристер жанартаудың атқылауын көзбен көру үшін Камчаткаға жоспарланған сапарларынан бас тартпаған.

Барлық жаңалықтар