Каникулда мұғалім мектепте кешке дейін отыруы керек пе?

Каникулда мұғалім мектепте кешке дейін отыруы керек пе?

Оқу жылы аяқталды. Мектепте қазір емтихан тапсыратындардан басқа оқушылар каникулға кетті. Десек те, оқушысы жоқ мектепте мұғалім қанша сағат жұмыста отыруы керек? Бұл сұраққа заңгер жауап берді деп жазады Democrat.kz.

Заңды өте жақсы білетін ұстаз Дидар мұғалімнің каникул кезінде қанша сағат мектепте отыруына байланысты: "Каникул басталды. Кей ұстаздарды таңнан кешке дейін мектеп жүресің дейтін бастықтар бар. 

Бұл дұрыс емес. Заң бойынша мұғалімнің жұмыс уақыты өзіне бөлінген оқу жүктемесіне, яғни сағатына байланысты. 

Мысалы, мұғалімнің оқу жүктемесі бес күндік жұмыс аптасында 18 сағат болса,  онда мұғалім каникул кезінде күніне 3 сағат 36 минутын ғана өткізуі керек. 

Ал егер 20 сағаттық жүктемесі бар болса, онда күніне  4-5 сағат қана мектепте болуы керек. Тек қосымша сынып жетекшілігі, дәптер тексеру сияқты міндеттері болса, уақытын біразға созуына болады. 

Бірақ мұғалімге каникул кезінде 6-8 сағат мектепте отыруды талап ету заңсыз болып табылады", дейді. 

Барлық жаңалықтар