"Кәріс күйеуім 3 баламен тастап кетті" деген қазақ қызы мұңымен бөлісті (ВИДЕО)

"Кәріс күйеуім 3 баламен тастап кетті" деген қазақ қызы мұңымен бөлісті (ВИДЕО)

Кәріс еркекке тұрмысқа шыққан қазақ қызы әлеуметтік желіде басындағы жағдайы туралы баяндап берді деп жазады Democrat.kz.

Корея елінің азаматына тұрмысқа шығып, одан үш бала тапқан қазақ қызы өзінің әлеуметтік желідегі парашасында "мені тастап кетті" деп видео жариялады. 

"Достар, мені кәріс байым үш баламен тастап кетті. Босанғаныма бір ай ғана болды. Үш баламен Египетте қалай өмір сүреді, не істейді деп ойламай, тастап кетті. 

Күйеуім менен бүкіл ақшасын жасырады. Қанша айлық алатынын, қанша ақшасы барын мүлде білмеймін. 

Қазір Кореяға кетті. Әпкесі мен шешесіне ресторна ашып беруге кетті. Оны біліп отырмын. 

Енді не істерімді білмей отырмын" деген қазақ қызы оқырманынан ақыл сұрады. 

 

Барлық жаңалықтар