Танымал әнші Мақпал Жүнісова Кореяда жүргенінде басынан өткен қызықты оқиғасын айтып беріп, оқырмандарын күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.
Айтуынша, Мақпал Жүнісова Корея елінде Мереймен бірге жүргендерінде көлікте күтпеген қызық жағдай болған.
"Кореяда жүрміз. Ем алатын жерге барғанша, 1-2 сағаттаксимен жүріп барамыз. Көлікке отырған соң, біраз уақытта көзім ілініп кетіпті.
Ұйқысырап, түсінде көп сөйлейтіндердің бірімін мен. Содан көзім ілініп кетіп, түс көрген болсам керек. "Һэййй!" деп айғалап жіберіппін. Көлікте келе жатқан жүргізуші де, Мерей де менің даусымнан селк етіп, қатты қорқыпты.
"Мама, жүргізушіні қатты қорқыттың" деп Мерей күліп жатыр", - деген Мақпал Жүнісованың оқиғасына оқырмандары да күліп "жүрегі таза кісі", "ең мықты әнші", "өте қарапайымсыз" деп пікір жазуда.