Кәсіпкер Мұхтар Тайжан үндеу жасады

Кәсіпкер Мұхтар Тайжан үндеу жасады

Еліміздегі қалтасы қалың азаматтардың қатарынан табылатын кәсіпкер тоқалдарға заңды құқық беруге үзілді-кесілді қарсылық танытты, деп жазды democrat.kz.

Өзінің мұндай тақырыпқа араласа бермейтінін айтқан Мұхтар Тайжан екінші әйел алудың қоғамға зиянды әрі қауіпті тұстарына тоқталды. 


«Егер оларды заңдастырсақ, тоқалдардың нарығы ашылады. Байлар шетінен жарыса бастайды «сенде қанша тоқал, менде мынша тоқал бар» деп. Бала кезімде әкеммен бірге араб елдерінде өмір сүрдім, сонда көрдім. Сөйтіп олар жас қыздарды ала бастайды. Соңында ақшасы жоқ жігіттерге қыздар жетіспей қалады. Екіншіден, бұл халықтың демографиялық ахуалына қатты әсер етеді. Абзал Құспанның тоқалдарды заңдастыру дегені далбаса сөз. Тоқалдың орыны –  тоқалдық, ол заңды әйелмен тең болмау керек. Ол ұят нәрсе болу керек», – дейді.

Барлық жаңалықтар