Кәсіпкер Сырымбек Тау кей кісілерге реніш білдірді

Кәсіпкер Сырымбек Тау кей кісілерге реніш білдірді

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау өзінің парақшасында кей кісілердің түсініксіз әрекеттеріне реніш білдіріп жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Бәріне жағу үшін емес — міндетіңді атқару үшін өмір сүр!

Кеше ғана жаңа мешіт аштық. Кей адамдар:
— «Неге спорт алаңын салмайсыңдар?» — деді.
Біз: «Оны он жыл бұрын салғанбыз», — дедік.

Тағы біреулер:
— «Мектеп неге салмайсыңдар?» — деді.
Біз: «Оны екі жыл бұрын салғанбыз», — дедік.

Басқалары:
— «Қоғамға пайдасы бар дүние неге салмайсыңдар?» — деді.
Біз: «Үш жыл бұрын жатақхана салдық», — дедік.

Тағы бірі:
— «Аурухана салмайсыңдар ма?» — деді.
Біз: «Үш-төрт жыл бұрын арнайы балалар орталығын салдық», — дедік.

Тағы біреулер:
— «Өндіріс неге салмайсыңдар, сатып алып сата бермей?» — деді.
Біз: «Бес өндірісіміз бар, алтыншысы жақында іске қосылады», — дедік.

Қарап отырсам, осылай жазатындардың өздері не салып, не істеп жүр екен?
Неге біз біреудің еңбегін бағаламай, кір іздеуді жақсы көріп барамыз?.."деп жазды кәсіпкер.

Барлық жаңалықтар