Кәсіподақтың бұл тірлігі - халыққа жасалған қастандық емес пе?

Кәсіподақтың бұл тірлігі - халыққа жасалған қастандық емес пе?

Кәсіподақтар федерациясының кеңесшісі «Мерке» шипажайын тығырыққа тықты. Кәсіподақтардың дүние-мүлкі талан-таражға ұшырады деп жазады Democrat.kz. журналист Ораз Әлімбектің жазбасына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ - ФПРК) кеңесшісі Б. Нұрымбетов «Манкент», «Көктем» және «Мерке» шипажайының директорлар кеңесінің төрағасы болып алып, білгенін істеп жатыр екен.

«Мерке» шипажайының директоры С.Макажановтың айтуынша, Б.Нұрымбетов шипажайларды тамақпен, жиһаз-техникаман қамтамасыз ету үшін күмәнді мердігер фирмаларды жұмысқа тартып, соның кесірінен 180 млн теңге залал тиген. 

24 бас ауру ірі қараның етінен шипажай асханасында тамақ жасалған, ұйықтайтын жаңа корпус салуға ақша бөлдіртіп, ол құрылысты аяқсыз қалдырған... Айта берсең, ҚРКФ кеңесшісінің күмәнді ісі көп. Толық мән-жайды төменде жарияланған С.Макажановтың хатынан оқисыздар" деп жазған Ораз Әлімбек хаттың төменде толық мәтінін жариялады. 

«ФПРК-ның XXVII съезі қарсаңында мән беретін мәселе

2025 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының (ФПРК) XXVII съезі өтпек. Осы съезд қарсаңында ФПРК 2025–2030 жылдарға арналған қызмет стратегиясын жариялады. Құжатта басты назар Еңбек адамына аударылатыны мәлімделген.

Алайда, тартымды риториканың астарында ФПРК басшылығы кәсіподақ мүлкінің мүшкіл жағдайын және оны одан әрі жекешелендіруге бағытталған жоспарларды жасырып отыр.

2020 жылдан бастап еліміз бойынша кәсіподақ мүлкінің үлестерін сату туралы ақпараттар ашық дереккөздерде жиі жарияланып келеді. Бұл әрекеттер ФПРК-ны құрушы мүше ұйымдар арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Олар бұл шешімдердің себептері, мақсаттары мен заңдылығы жөнінде тиісті түрде хабарланбады. Қазіргі уақытқа дейін активтерді иеліктен шығару мен үлестерді ФПРК басшылығына жақын адамдардың пайдасына қайта бөлу заңдылығы туралы сұрақтар жауапсыз қалып отыр.

Нәтижесінде шешім қабылдау құқығы бір топ адамның қолына шоғырланды. Бұл топ белгілі тұлғалардың қолдауына сүйене отырып, Федерацияны алдағы бес жылда да басқару ниетінде.

ФПРК-ның мүліктік кешеніне қатысты әрбір объект бойынша акционерлер тарапынан басшылыққа негізді шағымдар бар. Заң бұзушылықтар мен шешім қабылдау рәсімдеріндегі өрескел қателіктер анықталған.

Қаржылық-шаруашылық қызметке жасалған талдау көрсеткендей, ФПРК мүлкі күрделі деградация жағдайында. Қаражатты тиімсіз және мақсатсыз пайдалану жиі кездеседі.

ФПРК Төрағасының кеңесшісі Б.Б. Нұрымбетовтің рөлі ерекше назар аудартады. Ол – бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Кеңесшілік қызметі басқарушылық өкілеттіктерді қарастырмаса да, негізгі нысандарға нақты бақылау орнатып алған. Сонымен қатар, ол ақылы түрде тағы үш лауазымды қызмет атқарады: «Манкент», «Көктем» және «Мерке» шипажайларының директорлар кеңесінің төрағасы.

2018–2020 жылдары «Мерке» шипажайынан алғашқы дабылдар түсе бастады. Ол кезде Бас директор А.З. Сүлейменов пен директорлар кеңесі (төрағасы – Б.Б. Нұрымбетов) қабылдаған шешімдер мекеменің қаржылық жағдайына тікелей зиян келтірді.

Нақты фактілер:

1. Тамақтандыру қызметі аутсорсингке берілді

o Орындаушы: «Radon KZ» ЖШС

o Сома: 177,7 млн теңге (1,5 жылда)

o Нәтиже: сапаның төмендеуі, шығын – 60 млн теңге

2. Ұйықтайтын корпус құрылысы

o Жоба құны: 39,9 млн теңге, төленгені – 22,4 млн

o Жоба аяқталмаған, шығын ретінде есептен шығарылған

3. Жиһаз бен құрал-жабдық сатып алу

o Сома: 19,88 млн теңге

o Кондиционерлер мен тоңазытқыштар тек қағаз жүзінде тіркелген

4. Маркетинг және цифрландыру

o Шығын: 18,8 млн теңге

o Тиімділік дәлелденбеген

5. Мал шаруашылығы

o Ауру ірі қара – 24 бас (5,5 млн теңге), асханада пайдаланылған

o Жалпы шығын: 7,26 млн теңге

6. Қаржылық көрсеткіштер

o 2019 жылғы шығын: 88,6 млн теңге

o Шешімдер рентабельділік есепсіз қабылданған

7. Күмәнді операциялар

o «Мердигер ЛТД» ЖШС (Кызылорда), жалпы келісімдер сомасы: 44 млн теңге

o Туыстық байланыс пен қаражатты шығару белгілері

8. Жер сату әрекеті

o 0,2811 га жер 2,5 млн теңгеге сатылмақ болған

o 2020 жылы жаңа құрам сатуды тоқтатқан

9. Автокөлік сату

o Toyota Sienna (1998 ж.) – 23 050 теңгеге бағаланбастан сатылған

10. Директорлар кеңесінің сыйақысы

• Шығын: 10,2 млн теңге (2018–2019)

• Кеңес формалды түрде жұмыс істеген

11. Жалпы қаржылық деградация

• 2018 жылғы шығын – 152 млн теңге

• Рентабельділік 21%-дан 3,6%-ға төмендеген

• Ақша қалдығы 229,4 млн теңгеден (2017) 56,7 млн теңгеге (2019) дейін азайған

Залалдың алдын ала сомасы – 180 млн теңгеден асады, оған қосымша:

• 2018 ж. шығын – 33,4 млн тг

• 2020 ж. 20 наурызға дейінгі шығын – 89 млн тг

Бұрынғы басшылық әсерінен кейінгі нәтижелер:

• 2020 ж. – 12 млн теңге (COVID кезінде де пайда)

• 2021 ж. – 80 млн тг

• 2022 ж. – 191 млн тг

• 2023 ж. – 103 млн тг

• 2024 ж. – 196,5 млн тг

Бұл сандар шипажайдың экономикалық тұрғыда тиімді жұмыс істей алатынын дәлелдейді.

Аталған әрекеттердің бәрінде:

• Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану

• Басқарушылық сөз байласу

• Активтерді әдейі шығынға ұшыратып, арзан бағада жекешелендіруге дайындау

• АҚ Жарғысы мен ҚР заңнамасын бұзу белгілері бар

Қажетті шаралар:

• Тәуелсіз аудит жүргізу

• БАҚ арқылы ақпаратты жария ету

2024 жылғы шілдеде Б.Б. Нұрымбетов қайтадан директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаннан кейін, «Мерке» АҚ басқарма органына жүйелі қысым қайта басталды:

• Ірі акционер өкілі кеңестен шығарылды

• Корпоративтік хатшы – өз адамдарынан

• Тәуелсіз директор – формалды тұлға

• Жарғыға өзгеріс енгізуге қысым

• Акционер мен бас директорға қарсы сотқа шағым түсіру

• 2 млн тг-ден астам қаражат адвокаттарға жұмсалды (соттарда жеңілді)

Сотқа шағымдарды ФПРК төрағасы С.Т. Даулеталин мен К.Б. Айбосынов (ФПРК мүлік жөніндегі төраға орынбасары) тікелей ұйымдастырған. Айбосынов «Көктем» АҚ директорлар кеңесі мүшесі және «Ақмолатурист» АҚ бас директоры қызметтерін де атқарады.

ФПРК-ның мүшелік ұйымдары съезд барысында Федерацияны басқаруға осыған дейін беделіне нұқсан келтірген, кәсіподақ қозғалысына нақты зиян келтірген тұлғаларға сенім артатын болса, стратегиялық қателік жасайды. ФПРК-ға деген сенім өткен сәтсіздіктер мен теріс тәжірибелерге емес, ашықтық пен адалдыққа негізделуі тиіс.

«Мерке» АҚ Бас директоры

Макажанов С.А.

 

 

Барлық жаңалықтар