Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда 9 сарбаз қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда 9 сарбаз қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт бұзылып, 19 әскери қызметшіні Каспий теңізіне алып кеткен. Сағат 14:00-дегі ресми мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тауып, үшеуі құтқарылды, қалғандарын іздеу жалғасып жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы барысында болған. Қорғаныс министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, әскери қызметшілер Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқан кезде ауа райы кенет нашарлап, жел күшейген.

Салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Тоғыз адамның қаза тапқаны расталды. Үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жеткізілген. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасуда.

Іздеу-құтқару операциясына Әскери-теңіз күштері, Төтенше жағдайлар министрлігі, авиация және басқа қызметтер жұмылдырылды. Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған комиссия аттанды.

Бас прокуратура Ақтау гарнизоны оқиға бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тергеу үшін арнайы топ құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Үкімет те қайғылы жағдайдың себептерін анықтайтын комиссия құрды. 

Барлық жаңалықтар