Қазақстанның ЖІӨ-сі $306 млрд-қа жетті

Қазақстанның ЖІӨ-сі $306 млрд-қа жетті

Қазақстан экономикасының көлемі соңғы жеті жылда 29 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім 306 млрд долларға жетті. Осы кезеңде елге 162 млрд доллардан астам инвестиция тартылған, деп жазады Democrat.kz.

Бұл деректерді Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қыркүйекте Қазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясында жариялады.

Президенттің айтуынша, соңғы жеті жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артқан.

Экономика көлемі 306 млрд долларға жеткен.

Осы кезеңде Қазақстанға 162 млрд доллардан астам инвестиция тартылған.

Мемлекеттің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі 138 млрд доллардан асқан.

Бұл көрсеткіштер экономиканың жалпы ауқымын сипаттағанымен, халықтың нақты тұрмыс деңгейін бағалау үшін инфляция, нақты табыс, еңбек өнімділігі және жан басына шаққандағы көрсеткіштерді де бірге қарастыру қажет. 

Барлық жаңалықтар