Kazakhmys Barlau қормен қамтамасыз ету мерзімін 11 жылға ұлғайтуды жоспарлады

Kazakhmys Barlau қормен қамтамасыз ету мерзімін 11 жылға ұлғайтуды жоспарлады

«Kazakhmys Barlau» ЖШС заманауи технологиялар мен ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, «Қазақмыс» корпорациясының минералдық-шикізаттық қорын толықтыру   жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда деп хабарлайды Democrat.kz.

2018 жылы құрылғаннан бері компания мемлекеттік балансқа 7 кен орны бойынша 488,9 мың тоннадан астам мыс, 108,9 мың тонна күміс және 7,9 мың тонна алтын қорын енгізді.

Қысқа мерзімді болашақта ресурстар мен қорларды есептеу жоспарлануда, бұл 2026-2028 жылдары қормен қамтамасыз етілу мерзімін 11 жылға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде компанияда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде әкімшілік-басқару қызметкерлері 12%-ды құрайды, ал негізгі үлес геологтар мен өндірістік командаға тиесілі. 14 бұрғылау қондырғысы жұмыс істеп тұр, геологиялық барлау жұмысы жыл бойы тоқтаусыз жүргізілуде.
Kazakhmys Barlau компаниясы Colorado School of Mines, Rio Tinto, Ivanhoe Mines және Pallas Resources сынды ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты нығайтып келеді.

Сонымен қатар жоғары оқу орындары және колледждермен өзара іс-қимылды дамытып, студенттерді тәжірибеден өткізу және кейін жұмысқа орналастыру арқылы кадр даярлау ісін жолға қойды. 

Жезқазғандағы геологиялық кластердің ашылуы компания үшін маңызды жобалардың біріне айналды. Мұнда 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Кластер құрамына DMT Ancorelog технологиясы қолданылатын, 200 мың қума метр керн сақтауға арналған зертханасы бар заманауи керн сақтау қоймасы (әлемдегі осындай бес кешеннің бірі), сондай-ақ маман даярлауға арналған оқу орталығы кіреді.

Компания цифрлық шешімдерді енгізуде белсенділік танытуда. Соның бірі -  Starlink спутниктік технологиясы. Ол мониторинг жүйесімен бірге нақты уақыт режиміндегі үдерісті басқаруға және шалғай аудандардатөтенше жағдай орын алған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар